№3 ХАТТАМАСЫ

 Тараз қаласы, 31.08.2023 жыл

 Өткізілген орны: Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжінің қабылдау бөлімі.

Отырысқа қатысқан конкурстық комиссиясы құрамында:

  1. Есенов Бауржан Нурланович –«Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының директордың оқу-тәрбие  жөніндегі орынбасары, комиссия төрағасы;
  2. Сенбай Алтын Өтегенқызы - Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының әдіскері, комиссия төрайымы;
  3. Нұржігітқызы Эльмира  - –«Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының  педагог-психологы, комиссия мүшесі;
  4. Нышанбаева Сара Мырзахметовна -–«Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының өндірістік оқыту шебері,   комиссия мүшесі;
  5. Рамазанова Сабира Сарсеновна -–«Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының арнайы пән оқытушысы, комиссия мүшесі.

 

Күн тәртібінде:

    Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынындағы бос лауазымына тағайындау конкурсы туралы

 

Конкурстық комиссия отырысын комиссия төрағасы  Б.Есенов  ашты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз комиссия  төрайымы  А.Сенбайға  беріледі.

А.Сенбай:

- Құрметті отырыс қатысушылары, колледжде директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары  бос лауазымға  жарияланған конкурсқа келесі кандидат құжаттарын тапсырды.

2022 жылғы 21 қазанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының 121 тармағына сәйкес мемлекеттік ұйым кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Ақпараттық сервисі арқылы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне, сондай-ақ педагог мәртебесі туралы Заңнаманы бұзу туралы сұрау салуды Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету аумақтық департаментке сұраныс жолданған болатын.

Осы қағидалардың 118 тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардың құжаттарын қарап шықсаңыздар.

Колледжде Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасар лауазымына  кандидат Мирзахметова Жанна Мусавалиевна 20,5 балл, педагог-зерттеуші  біліктілік санаты бар.

А.Сенбай:

- Құрметті отырыс қатысушылары, жоғарыда айтылғандары ескере отырып шешім қабылдауымыз қажет.  Осы ретте, колледжде директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Мирзахметова Жанна Мусавалиевнаны  жұмысқа қабылдауға ұсынамын.

А.Сенбай:

- Айтылған ұсыныстарды қабылдауға дауыс берулеріңізді сұраймын.

Аталған ұсыныс бойынша дауыс беріліп, бірауыздан келісілді.

Жоғарыда аталған мәселелерді қарастыра келе, конкурстық комиссия ШЕШІМ ЕТТІ:

Конкурс қорытындысы бойынша колледжде директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасарына Мирзахметова Жанна Мусавалиевна конкурстан өтті деп есептелсін, жұмысқа қабылдауға ұсынылсын.

  1. Кандидаттар өздеріне қатысты бөлігінде конкурстық құжаттармен және комиссия шешімімен таныстырылсын.
  2. Конкурстың нәтижесі мектептің Интернет-ресурсында, немесе әлеуметтік желілерінің ресми аккаунтында жариялансын.

 

 

Комиссия төрағасы                                                                 Б.Есенов

Комисия мүшелері

                                                                                                     А.Сенбай

                                                                                                     Э.Нұржігітқызы

                                                                                                     С.Нышанбаева

                                                                                                     С.Рамазанова

Хатшы                                                                                        М.Мантеева