№2ХАТТАМАСЫ

 

Тараз қаласы, 31.08.2023 жыл

 

Өткізілген орны: Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжінің қабылдау бөлімі.

Отырысқа қатысқан конкурстық комиссиясы құрамында:

  1. Есенов Бауржан Нурланович –«Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының директордың оқу-тәрбие  жөніндегі орынбасары, комиссия төрағасы;
  2. Сенбай Алтын Өтегенқызы - Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының әдіскері, комиссия төрайымы;
  3. Нұржігітқызы Эльмира  - –«Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының  педагог-психологы, комиссия мүшесі;
  4. Нышанбаева Сара Мырзахметовна -–«Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының өндірістік оқыту шебері,   комиссия мүшесі;
  5. Рамазанова Сабира Сарсеновна -–«Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының арнайы пән оқытушысы, комиссия мүшесі.

 

 

Күн тәртібінде:

    Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынындағы бос лауазымына тағайындау конкурсы туралы

 

Конкурстық комиссия отырысын комиссия төрағасы  Б.Есенов  ашты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз комиссия  төрайымы  А.Сенбайға  беріледі.

 

А.Сенбай:

- Құрметті отырыс қатысушылары, колледжде  әдіскер , «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы,«Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы және пайдалану» мамандығы бойынша арнайы пәндер  оқытушысы бос лауазымдарына жарияланған конкурсқа келесі кандидаттар құжаттарын тапсырды.

2022 жылғы 21 қазанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының 121 тармағына сәйкес мемлекеттік ұйым кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Ақпараттық сервисі арқылы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне, сондай-ақ педагог мәртебесі туралы Заңнаманы бұзу туралы сұрау салуды Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету аумақтық департаментке сұраныс жолданған болатын.

Осы қағидалардың 118 тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардың құжаттарын қарап шықсаңыздар.

Әдіскер лауазымына    кандидат Мусреталиева Жанна Болатбековна 11 балл. Педагог статусы бар.

 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету,жөндеу және пайдалану», мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы   Асан Алмат Мұратұлы 2балл, жас маман. Арнайы пән оқытушысы  тестен өтпейді. Басқа кандидат жоқ.

«Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы және пайдалану» мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы Омаров Нурдаулет Жамалбекович  8 балл, педагог-модератор біліктілік санаты бар. Арнайы пән оқытушысы тесттен өтпейді.

А.Сенбай:

- Құрметті отырыс қатысушылары, жоғарыда айтылғандары ескере отырып шешім қабылдауымыз қажет.  Осы ретте, колледжде  әдіскер Мусреталиева Жанна Болатбековнаны, «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету,жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы Асан Алмат Мұратұлын,«Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы және пайдалану» мамандығы бойынша арнайы пәндер  оқытушысы Омаров Нурдаулет Жамалбековичті  жұмысқа қабылдауға ұсынамын.

А.Сенбай:

- Айтылған ұсыныстарды қабылдауға дауыс берулеріңізді сұраймын.

Аталған ұсыныс бойынша дауыс беріліп, бірауыздан келісілді.

Жоғарыда аталған мәселелерді қарастыра келе, конкурстық комиссия ШЕШІМ ЕТТІ:

Конкурс қорытындысы бойынша колледжде әдіскер Мусреталиева Жанна Болатбековна , «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы Асан Алмат Мұратұлы ,«Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы және пайдалану» мамандығы бойынша арнайы пәндер  оқытушысы Омаров Нурдаулет Жамалбекович  конкурстан өтті деп есептелсін, жұмысқа қабылдауға ұсынылсын.

  1. Кандидаттар өздеріне қатысты бөлігінде конкурстық құжаттармен және комиссия шешімімен таныстырылсын.
  2. Конкурстың нәтижесі мектептің Интернет-ресурсында, немесе әлеуметтік желілерінің ресми аккаунтында жариялансын.

 

 

 

Комиссия төрағасы                                                                Б.Есенов

Комисия мүшелері

                                                                                                     А.Сенбай

                                                                                                     Э.Нұржігітқызы

  С.Нышанбаева

  С.Рамазанова

Хатшы                                                                                         М.Мантеева