ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЖАМБЫЛ ИНДУСТРИАЛДЫ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫНЫҢ ПЕДАГОГТЕРІН ЛАУАЗЫМҒА ТАҒАЙЫНДАУҒА КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯСЫ ОТЫРЫСЫНЫҢ
№5 ХАТТАМАСЫ
Тараз қаласы, 28.09.2023 жыл
- Өткізілген орны: Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжінің директордың оқу-тәрбие жұмыс жөніндегі орынбасарының кабинеті.
Отырысқа қатыспағандар:
Сенбай Алтын Өтегенқызы - Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының әдіскері.
Отырысқа қатысқан конкурстық комиссиясы құрамында:
1.Есенов Бауржан Нурланович –«Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары, комиссия төрағасы;
- Нұржігітқызы Эльмира - –«Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының педагог-психологы, комиссия мүшесі;
- Нышанбаева Сара Мырзахметовна -–«Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының өндірістік оқыту шебері, комиссия мүшесі;
- Рамазанова Сабира Сарсеновна -–«Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының арнайы пән оқытушысы, комиссия мүшесі.
Күн тәртібінде:
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынындағы бос лауазымына тағайындау конкурсы туралы
Конкурстық комиссия отырысын комиссия төрағасы Б.Есенов ашты.
- Құрметті отырыс қатысушылары, колледжге
-Өндірістік оқыту шебері (Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану мамандығы) – 1 бірлік
-Өндірістік оқыту шебері (Есептеу техникасы және ақпараттық желілер мамандығы) – 1 бірлік
-Арнайы пән оқытушысы (Есептеу техникасы және ақпараттық желілер мамандығы) – 720 сағат бірлік
-Арнайы пән оқытушысы (Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану мамандығы) – 216 сағат бірлік
-Арнайы пән оқытушысы (Дәнекерлеу ісі мамандығы) – 120 сағат бірлік
-Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы – 720 сағат
-Директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары – 1 бірлік
-Жастар істері жөніндегі инспектор – 1 бірлік
бос лауазымдарына жарияланған конкурсқа келесі кандидаттар құжаттарын тапсырды.
2022 жылғы 21 қазанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының 121 тармағына сәйкес мемлекеттік ұйым кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Ақпараттық сервисі арқылы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне, сондай-ақ педагог мәртебесі туралы Заңнаманы бұзу туралы сұрау салуды Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету аумақтық департаментке сұраныс жолданған болатын.
Осы қағидалардың 118 тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардың құжаттарын қарап шықсаңыздар.
-Арнайы пән оқытушысы (Есептеу техникасы және ақпараттық желілер мамандығы) - Сабырова Назкен Ермекқызы- 3,0балл . Басқа кандидат жоқ.
-Өндірістік оқыту шебері (Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану мамандығы)-Сәрсенқұл Арман Жұмабайұлы- 1,0балл . Басқа кандидат жоқ.
-Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы – Казенов Рашид Сансызбаевич-7 балл, педагог статусы бар.
С.Нышанбаева :
- Құрметті отырыс қатысушылары, жоғарыда айтылғандарды ескере отырып шешім қабылдауымыз қажет. Осы ретте, колледжде -Арнайы пән оқытушысы (Есептеу техникасы және ақпараттық желілер мамандығы) - Сабырова Назкен Ермекқызын,
-Өндірістік оқыту шебері (Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану мамандығы)-Сәрсенқұл Арман Жұмабайұлын,
-Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы – Казенов Рашид Сансызбаевичті жұмысқа қабылдауға ұсынамын.
Б.Есенов :
- Айтылған ұсыныстарды қабылдауға дауыс берулеріңізді сұраймын.
Аталған ұсыныс бойынша дауыс беріліп, бірауыздан келісілді.
Жоғарыда аталған мәселелерді қарастыра келе, конкурстық комиссия ШЕШІМ ЕТТІ:
Конкурс қорытындысы бойынша колледжде -Арнайы пән оқытушысы (Есептеу техникасы және ақпараттық желілер мамандығы) - Сабырова Назкен Ермекқызы,
-Өндірістік оқыту шебері (Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану мамандығы)-Сәрсенқұл Арман Жұмабайұлы,
-Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы – Казенов Рашид Сансызбаевич конкурстан өтті деп есептелсін, жұмысқа қабылдауға ұсынылсын.
- Кандидаттар өздеріне қатысты бөлігінде конкурстық құжаттармен және комиссия шешімімен таныстырылсын.
- Конкурстың нәтижесі колледждің Интернет-ресурсында, немесе әлеуметтік желілерінің ресми аккаунтында жариялансын.
Комиссия төрағасы Б.Есенов
Комисия мүшелері Э.Нұржігітқызы
С.Нышанбаева
С.Рамазанова
Хатшы М.Мантеева