Колледждің «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығында білім алып жатқан бітіруші топ білім алушылары «Экономикалық тиімділікке және шаруашылық қызметіне талдау жүргізу» және «Автомобильдің пайдалану қасиеттерін қолдану» оқу модульдерінен компьютерлік тестілеу емтихандарын тапсырды.

 

Емтихан тапсырмалары аталған оқу модульдерінен автомобиль көлігінің конструкциялық ерекшеліктері , техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жоспарлау мен ұйымдастыру, оларға бақылауды жүзеге асыру бойынша сұрақтарды қамтыды.