«Парасат жолы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жобасы аясында колледждің Гуманитарлық пәндер оқытушылары бірінші курс білім алушыларымен ұлтымыздың ұлы тарихынан сыр шертетін тарихи-мәдени құндылықтарымыз арқылы жастардың бойында адалдық, парасаттылық, ізгілік пен әділдікке баулып, халқымыздың сан ғасырлар бойғы мәдениеті мен әдебиетін тануға насихаттау мақсатында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне экскурсия ұйымдастырды.

 

Іс-шара барысында музей қызметкерлері екі мың жылдан астам тарихы бар «Ежелгі Тараз» қалашығынан табылған баға жетпес құнды жәдігерлер туралы таныстыра келе, білімгерлерді болашақ ұрпаққа қалдырған ұлт мұраларын көздің қарашығындай сақтауға шақырды.