04 03 2021

Көктем - адам санасы мен мінез-құлқына өзгеріс алып келетін жыл мезгілі. Осы орайда карантин талаптары қатаң сақталып 1-курс білім алушыларының ата-аналар жиналысы өткізілді. Педагог-психолог Э.Нұржігітқызы ата-аналардан сауалнама алып, сауалдарына жауап берді. Іс-шарада әр қызметкер өзінің бағыты бойынша, атап айтсақ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Есенов - тәрбие, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қ.Тажиева - оқу үрдісі, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер істері жөніндегі инспекторы, полиция майоры Ж.Айтбозымов - құқық бұзушылық, әлеуметтік педагог Г.Умбеталиева - әлеуметтік жағдай туралы толық мағлұматтар беріп өтті.